Иранның делегациясы Астана-5 келіссөздеріне қатысу үшін Қазақстанға аттанды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28584-Иранның_делегациясы_Астана_5_келіссөздеріне_қатысу_үшін_Қазақстанға_аттанды
Иран делегациясы Сирия мәселесі жөніндегі бесінші халықаралық конференцияға қатысу үшін Астанаға аттанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 03, 2017 09:16 Asia/Almaty
  • Иранның делегациясы Астана-5 келіссөздеріне қатысу үшін Қазақстанға аттанды

Иран делегациясы Сирия мәселесі жөніндегі бесінші халықаралық конференцияға қатысу үшін Астанаға аттанды.

ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари бастаған ирандық делегация дүйсенбі күні таңертең Сирия мәселесі жөніндегі бесінші халықаралық конференцияға қатысу үшін Теһраннан Қазақстанның елордасы Астанаға қарай аттанды.

Сирия дағдарысына қатысты Астана-5 келіссөздеріндегі Иран делегациясы белгіленген бағдарлама бойынша бүгін күндіз бағдарламасын бастайды.

Астана-5 келіссөздерінің сарапшылар отырысы бүгін кешке, жоғары деңгейдегі отырыс шілденің 4-5 күндері өтеді.