Шейх Ибрахим Закзакидің жағдайы жақсарып қалды
Нигерия армиясы тарапынан осы елдің исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Закзакидің қамауға алынғанынан бірнеше ай өткен соң ақыры оған сенімді жақын адамдардың бірі оның өзі және әйелімен кездесу мүмкіндігіне ие болды.
Mehr ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, шейх Закзакиге жақын осы дереккөзі оның өзі және әйелінің қазіргі жағдайы жайлы: «Шейх Закзакидің әйелінің жағдайы жақсарып келеді. Сал болып қалу ықтималдығына байланысты оның денесіндегі бір оқ алынбады. Шейх Закзаки де бұрынғысынша емделіп жатыр, бірақ, өкінішке орай, оның бір көзі толығымен көрмей қалды, ал екіншісінің көру қабілеті қатты нашарлады. Шейх Закзаки қатты жарақаттар салдарынан жуырда ауыр да болса жүру мүмкіндігіне ие болды. Бастарына түскен қиын жағдайға қарамастан, өзі мен әйелінің рух-жігерлері мықты.
Нигерия армиясының қылмысынан 3 айға жуық уақыт өтсе де, бұл елдің армиясы қаза болған 2000-ға жуық адамның мүрделерін жанұяларына қайтармады. Бұл елдің түрмелері сафар айының соңғы күні Зариа қаласында болған апатта жарақаттанған бейкүнә мұсылмандарға толы»,-деп мәлімдеді.