Иран АҚШ-тың Теһранға қарсы тағы санкция жариялауына байланысты шағым түсірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29506
Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы америкалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуының анық жағдай екенін айтып: "АҚШ-тың жаңа санкцияларына байланысты ИИР "Ортақ қадам" бағдарламасының кеңесі мен ортақ комиссиясына шағым түсірді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 02, 2017 14:01 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың Теһранға қарсы тағы санкция жариялауына байланысты шағым түсірді

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы америкалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуының анық жағдай екенін айтып: "АҚШ-тың жаңа санкцияларына байланысты ИИР "Ортақ қадам" бағдарламасының кеңесі мен ортақ комиссиясына шағым түсірді",- деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранның оңтүстігінде орналасқан Құм қаласында тілшілердің алдында "Ортақ қадам" бағдарламасын қадағалау комиссиясының Иранда өткен отырысына сілтеме жасап: "Иран америкалықтардың өз мақсаттарына қол жеткізуіне табандылықпен әрі орынды түрде кедергі жасайды.

Кейбір елдер ашық түрде АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу болып саналатынын мәлімдеді",- деді.

Лариджани америкалықтардың ядролық келісімнің жүзеге асуына кедергі жасауды көздеп отырғанына тоқталып: "АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкция салу туралы шешімі Ирандағы шетел инвестицияларының алдын алу үшін мақсатында қабылданды",- деді.