Иран Ауғанстандағы лаңкестік шабуылды айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстанның Герат қаласындағы мешітте болған лаңкестік шабуылды айыптап, Ауғанстан үкіметі, халқы мен осы лаңкестік әрекеттен құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Сейсенбі түнде Ауғанстанның батысында орналасқан Герат қаласындағы Джавадие мешітінің алдында болған лаңкестік жарылыстан 40-қа жуық адам қаза тауып, 60-тан аса адам жарақат алды. Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми: «Ауғанстанның мазлұм халқының ондаған жылдар бойы көрген қиындықтары мен тауқіметінен кейін аймақ елдерінің, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің Ауғанстан үкіметі және халқымен бірге қазіргі қатыгездік жағдайын тоқтатуға шешім қабылдайтын кезі келді. Иран үкіметі мен халқы мұндай қатыгездікті тоқтату жолында әрдайым ауғанстандық бауыр-қарындастарының қасынан табылады»,-деді.