Иран мен Қазақстанның министрлері ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі мен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Реза Салехи Амири мен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сейсенбі күні кешке Теһранда кездесіп, мәдениет пен өнер салаларында ынтымақтастық жасау үшін ортақ негіздерді анықтауды сұрады.
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: "Иранның кинематографиясы әлемде танымал. Иран Қазақстанмен ортақ фильмдер түсіріп, кинематография саласында білім беруде әріптестік жасай алады",- деді.
Реза Салехи Амири Иранның аймақта Қазақстанмен өте жақсы қатынас орнатқанына тоқталып: "ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев – ұлы тұлға. ИИР президенті Хасан Рухани ол кісіні қатты құрметтейді. Сондықтан Хасан Рухани министрлер кабинетіне Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға бұйрық берді",- деді.
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі: "Иранның тарихи туризмі Қазақстан үшін өте маңызды сала саналады. Туризм орталықтары Исфаһан мен Шираз Қазақстан үшін көруге тұрарлық қалалар саналады",- деді.