Қазақстан Қырғызстанның болашақ Президентімен ынтымақтастық жасауға әзір
Қазақстан Республикасының Президенті Қырғызстанның Премьер-министрімен жүздесуінде: "Біз әрдайым қырғыз халқының қасында болып, сол елдің болашақ Президентімен ынтымақтастық жасап, көмектесуге әзірміз",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкіметаралық кеңесінің жиналысына қатысу үшін Астанаға барған Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде екі ел арасындағы тарихи ортақтастықтар мен өзара сенімді екі ел арасындағы байланыстың негізі деп атады.
Назарбаев қазақтар мен қырғыздарды бауырлас халықтар деп атап: «Астана Қырғызстанның болашағы үшін қажет көмекті аяп қалмайды"-деді.
Қырғызстанның Премьер-министрі де Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстанды қолдайтыны үшін алғыс айтып: "Қырғыздар әрдайым Қазақстанның қолдауын сезеді",-деді.