Ваези: Иран Президенті Қазақстанға барады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i30505-Ваези_Иран_Президенті_Қазақстанға_барады
Иран Президенті кеңсесінің басшысы Хасан Руханидің келесі аптада Қазақстанға сапармен баратынын хабарлап, сонымен қатар Иран Президентінің шаһривар айының соңғы аптасында БҰҰ Бас ассамблеясының саммитіне қатысу үшін Нью-Йорк қаласына да баратынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 06, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • Ваези: Иран Президенті  Қазақстанға  барады

Иран Президенті кеңсесінің басшысы Хасан Руханидің келесі аптада Қазақстанға сапармен баратынын хабарлап, сонымен қатар Иран Президентінің шаһривар айының соңғы аптасында БҰҰ Бас ассамблеясының саммитіне қатысу үшін Нью-Йорк қаласына да баратынын айтты.

Махмуд Ваези сәрсенбі күні Министрлер кабинеті отырысының соңында журналистерге берген сұхбатта Иран Президентінің Қазақстан мен Оңтүстік Африка республикасына сапары туралы сұраққа: "Доктор Руханидің Қазақстан сапары келесі аптаға жоспарланып отыр, бірақ Оңтүстік Африка сапарының уақыты әлі белгісіз",-деді. Ол, сондай-ақ, Оңтүстік Африка басшыларының Хасан Руханиді бірнеше рет өз елдеріне шақырғанын айтып: «Бұл сапар тек ОАР-ға ғана жасалмайды. Ел Президенті қарым-қатынасты кеңейтіп, нығайту үшін Африканың басқа да бірнеше еліне  сапармен барады.

Қазір мемлекет басшысы доктор Руханидің Нью-Йорк сапарын жоспарлап жатырмыз. Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының саммитына қатысады»,-деді.