Гүлстан мен Қызылорда облыстары арасындағы ынтымақтастықтар артады
Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысы әкімінің орынбасары Иран мен Қазақстанның ортақ мәселелерінің екіжақты ынтымақтастықтар мен қарым-қатынастарды арттыруға көмектесетінін қуаттады.
Иранның Гүлстан облысы әкімінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары Махмуд Раби сенбі күні кешке Қазақстанның Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесуінде: "Иранның Гүлстан облысы мен Қазақстанның кейбір облыстары арасындағы климат, денсаулық пен туризм бөлімдеріндегі ортақ мәселелер екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға көмектеседі",- деді.
Гүлстан облысы әкімінің орынбасары бұл облыс пен Қазақстанның Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ауылшаруашылығы саласында меморандумға қол қойғанына тоқталып: "Гүлстан облысының медициналық туризмі саласындағы мүмкіндігі де ынтымақтастықтардың алға ілгерілеуіне көмектесе алады",- деді.
Қазақстанның Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кездесуде қазақстандық топтың Гүлстан облысына достық ниет және ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында келгенін мәлімдеп: "Қызылорда тасымал саласында жақсы мүмкіндіктер мен Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолына қолжетімділікке ие. Қызылорда жыл сайын Иранға 20 миллион тонна күріш экспорттай алады» деді.