Қазақстан Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүшелігін қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31902-Қазақстан_Иранның_Шанхай_Ынтымақтастық_ұйымына_мүшелігін_қолдады
Қырымбек Көшербаев Сари қаласында Мазендеран облысының әкімімен кездесуде: "ИИР Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен экономика, мәдениет пен әлеуметтік салалар бойынша серіктестік жасау үшін көп әлеуеттер мен мүмкіндіктерге ие. Қазақтан аталмыш ұйымның негізгі әрі ықпалды мүшесі ретінде Иранның осы ұйымға мүшелігіне қолдау танытады" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 23, 2017 19:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүшелігін қолдады

Қырымбек Көшербаев Сари қаласында Мазендеран облысының әкімімен кездесуде: "ИИР Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен экономика, мәдениет пен әлеуметтік салалар бойынша серіктестік жасау үшін көп әлеуеттер мен мүмкіндіктерге ие. Қазақтан аталмыш ұйымның негізгі әрі ықпалды мүшесі ретінде Иранның осы ұйымға мүшелігіне қолдау танытады" деді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – үкіметтер арасындағы көп жақты, соның ішінде қауіпсіздік, экономикалық және мәдени салалар бойынша серіктестік жасайтын, Америка мен Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы НАТО-ның аймақтағы ықпалына қарсы теңгерім орнату мақсатында 2001 жылы  құрылған   ұйым. Иран – ШЫҰ-ның бақылаушы мүшесі.
Қырымбек Көшербаев Қазақстан мен ИИР-ның бүгінде жақсы байланысқа ие екенін, екі елдің жоғары деңгейлі басшыларының әртүрлі салалардағы екі жақты байланыстарды кеңейтуді қалайтынын айтты.
Мазендеран облысының әкімі Раби Фаллах та ИИР мен Қазақстанның саяси тұрғыдан бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста жасайтынын, бірақ, екі елдің сауда айналымы көлемінің төмен екенін айтты. 
Раби Фаллах Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы көлемін арттыру үшін серіктестік мүмкіндіктерін анықтау қажеттігін айтып: "Мазендеран облысының Қазақстанның Маңғыстау және Қызылорда облыстарымен байланыстары кеңейіп келеді. Байланыстар инвесторлар мен жеке сектордағы бизнесмендерді де қамтуы керек" деді.