Керманшаһ облысында зілзаладан зардап шеккендерге жедел көмек көрсету және құтқару жұмыстары аяқталды
Иранның батысындағы Керманшаһ облысының әкімі облыста зілзаладан кейінгі көмек көрсету және құтқару жұмыстарының аяқталғаны туралы хабарлады.
Керманшаһ облысының әкімі Һушанг Базванд жұма күні көмек көрсету және құтқару жұмыстарынан кейін төтенше жағдайда халықты орналастыру жұмыстарының аяқталып қалғанын, ал зілзаладан жапа шеккендерге қызмет көрсету ісінің әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеп: «Облыста өткен жексенбі күні болған зілзаладан кейін 450-ге жуық дүмпу орын алды. Жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер аяқталғаннан соң халықты төтенше жағдайда орналастыру мәселесі де шешіледі",- деді.
Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жер сілкінісі өткен жексенбі күні Иранның батыс аймақтарында орын алды. Зілзала салдарынан 436 адам қаза тауып, 10 203 адам жараланды.