Иран мен Қазақстан ортақ экономикалық жұмыс тобын құруға келісті
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі өнеркәсіп, тау-кен және сауда салаларындағы ынтымақтастықтарын дамыту мақсатында ортақ экономикалық жұмыс тобын құруға келісті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариятмадари сенбі күні Теһранда Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен кездесуінен кейін: "Иран инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттауда жақсы әлеуеттерге ие болып, осы салада үшінші елдермен ортақ ынтымақтастық жасауына байланысты Қазақстанмен инженерлік-техникалық қызметтерді дамыту туралы ортақ меморандумға қол қойды. Своп, транзит және ауыл шаруашылығы өнімдерін уақытша кіргізу салаларында Иран, Қазақстан мен Ресей арасында болашақта үш жақты негізде ауқымды ынтымақтастық жасалу мүмкіндігі бар",-деді.
Шариятмадари Иран мен Қазақстан арасында банктік кедергілердің жойылуы қажеттігін қуаттап, Иранның Қазақстанның іскер азаматтары үшін визаны алып тастауға әзірлігін мәлімдеді.
Асқар Мырзахметов те осы кездесуден кейін ирандық тараппен сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында келісімге келгенін, Қазақстан тауарларын Иран арқылы Парсы шығанағы елдеріне транзиттеу мүмкіндігі бар екенін айтты.