Иран мен Қазақстан ауылшаруашылығы бөліміндегі ынтымақтастықтарын дамыту қажеттігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32485-Иран_мен_Қазақстан_ауылшаруашылығы_бөліміндегі_ынтымақтастықтарын_дамыту_қажеттігін_қуаттады
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары Теһранда Иранның Ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, түрлі ауылшаруашылық өнімдерінің импорты мен экспорты саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 26, 2017 19:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан ауылшаруашылығы бөліміндегі ынтымақтастықтарын дамыту қажеттігін қуаттады

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары Теһранда Иранның Ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, түрлі ауылшаруашылық өнімдерінің импорты мен экспорты саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Махмуд Ходжати жексенбі күні Теһранда Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметовпен кездесіп, екі елдің бір-бірін ауылшаруашылығы бөлімінде толықтыра алатындығына тоқталып: "Иран мен Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерін, ет, тауық, сүт өнімдері және құрғақ сүт шығару мүмкіндіктерін екіжақты ынтымақтастықтарын дамыту үшін пайдалана алады",- деді.

Ходжати сонымен бірге екі елдің балық аулау және аквадақылдар бөліміндегі сауда ынтымақтастықтарын ілгерлету қажеттігін  қуаттап: "Иран Қазақстанның ирандық өнімдерді, соның ішінде күріш егуге әзірлігін жариялағанына назар аударып, бұл елде ирандық күрішті егуге қажет техникалық және үйрету тұрғысынан қолдау көрсетеді",- деді.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов кездесуде екі елдің ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, экспорттау және импорттау салаларындағы ынтымақтастықтарын дамыту керектігін қуаттап: "Қазақстан бидай егу саласында маңызды тәжірибеге ие. Сондықтан, екі ел тәжірибе алмасып, Қазақстан Иранды қажет бидаймен қамтамасыз ете алады",- деді.