Жел 02, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы мұсылмандардың бірлік аптасының басталуы мен ислам пайғамбарының (с.ғ.с) мәулітімен құттықтап, сүнниттер мен шиіттердің бірігіп, ислам әлемінің дұшпандарына қарсы күресетіндігіне үміт білдірді.

Аятолла Мұхаммад Али Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "Сүнниттер мен шиіттер дұшпанның қулығына алданып қалмауы тиіс. Егер мұсылман үмбеті бірігетін болса, дұшпан оларға соққы бере алмайды",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Аһле бейт-пайғамбар әулетінің (ғ.с) шиіттер мен сүнниттер арасындағы бірліктің негізгі өзегі екенін баса айтып: "Кейбір мұсылман елдерінің үкіметтері дұшпанға алданып, ислам әлемінде бірлік пен ынтымақтың орнауына жол бермей отыр",- деді.

Аятолла Мовахеди Кермани сондай-ақ аймақта ДАИШ лаңкестік тобының көзінің жойылуын илаһи уәде деп атап: "Құран Кәрімде айтылған илаһи уәдеге сәйкес, жалғанның көзі жойылып, хақ мәңгіге қалады",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер