Кеше Сарполе Заһаб қаласындағы жер сілкінісінде 21 адам жараланды
(last modified Sun, 07 Jan 2018 09:54:44 GMT )
Қаң 07, 2018 15:54 Asia/Almaty
  • Кеше Сарполе Заһаб қаласындағы жер сілкінісінде 21 адам жараланды

Иранның батысындағы Керманшах облысының Сарполе Захаб қаласының Жедел медициналық жәрдем орталығының басшысы сенбі күні кешке осы қалада Рихтер бағамы бойынша 5,1 балдық зілзала салдарынан 21 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Рихтер бағамы бойынша 5,1 балдық жер сілкінісі сенбі күні кешке Керманшах облысының Сарполе Захаб қаласында болды.

Зілзала 8 шақырым тереңдікте орын алды. Сонымен қатар Керманшах облысының Қасре Ширин қаласында да Рихтер бағамы бойынша 4,1 балдық жер сілкінісі болды.

Сарполе Захаб қаласының Жедел медициналық жәрдем орталығының басшысы Хусейн Азизи ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында зілзала салдарынан Сарполе Захаб қаласындағы кейбір тұрғын үйлердің қатты зардап шеккенін  айтты.