Ғасеми: Иранның саясаты – әрдайым аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне көмектесу
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның принципті, тұрақты әрі өзгермейтін саясатын әрдайым аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне көмектесу деп атады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні Иордания патшасының ИИР-ның аймақтық саясаттары туралы сөйлеген сөзіне тоқталып, бұл сөздерді аймақтағы шындықтарға, мұндағы халық пен көптеген елдердің бейбітшілік пен тұрақты қауіпсіздік орнату тілегіне қайшы деп атады.
Бахрам Ғасеми «Ирандық Жарты Ай» мен Иранның аймақтың ісіне араласуы туралы уәждерге тоқталып: «Мұндай әділетсіз сөздер Иранның лаңкестікпен күрестегі және қауіпсіздікті қалыптастыруға көмектесудегі үздіксіз талпыныстары мен тұрақтылық тудыруды көздеген рөлін жоққа шығара алмайды. Аймақтың қазіргі қиын жағдайында шындыққа жанаспайтын сөз айту аймақтағы елдер мен халықтардың мүдделерін қамтамасыз етпейді, тек қаскүнемдер мен басқыншыларға пайда әкеледі. Олар Таяу Шығыс аймағы елдерінің тыныштығы, экономикалық дамуы, аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігінің сақталуын қаламайды»,-деді.