Ақп 22, 2018 17:27 Asia/Almaty
  • Шамхани: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын кепілдікке алу жобасы – саяси ойын

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына өзгеріс енгізу және ИИР жетістіктерін шектеу мақсатында оны кепілдікке алу жобасын саяси ойын деп сипаттады.

Әли Шамхани сәрсенбі күні Теһранда Испания Сыртқы істер министрі Альфонсо Дастиспен кездесуінде егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранға қажет мүдде болмаса, оны жалғастырудың ешбір дәлелі жоқтығын айтып: «Еуроодақ осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау үшін тиісті әрекет жасамады»,-деді.

Шамхани, сондай-ақ, Сауд Арабиясының Йемендегі әскери амалдары артып, жазықсыз халықтың өлтірілуінің көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, Еуропа елдерінің осы қылмыстарға қатысты әрекетсіздігін қатты сынап: «Бүкіл Еуропа елдері БАӘ мен Сауд Арабиясына қару-жарақ сатпауға шешім қабылдауы керек. Себебі, бұл екі ел қаруларды қорғансыз халықтарға, соның ішінде Йемен халқына шабуыл жасауда қолданады. Бұл шешім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында аталуы керек»,-деп қуаттады. 

Альфонсо Дастис те осы кездесуде ИИР-ның аймақтағы лаңкестік топтармен күресте сындарлы да үздік рөлге ие екенін айтып: «Барлық елдер аймақта бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнатылуына талпыныс жасауы керек. Осы орайда кез келген қару‑жарақ бәсекелестігіне жол берілмеуі тиіс»,-деп қуаттады.

 

Тегтер