Зангане: Ресеймен алғашқы мұнай келісімі 4 млрд доллар табыс әкеледі
(last modified Thu, 15 Mar 2018 10:02:06 GMT )
Нау 15, 2018 16:02 Asia/Almaty
  • Зангане: Ресеймен алғашқы мұнай келісімі 4 млрд доллар табыс әкеледі

Иранның Мұнай министрі: "Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясымен "Абан" және "Паидар-е Ғарб" кеніштерін дамыту туралы келісімді орындағаннан кейін Иранның мұнай өндірісіне 167 млн баррель қосылады. Мұнайдың қазіргі бағасымен есептегенде бұл көлем 4 млрд долларға бағаланып отыр",-деді.,36

Иранның оңтүстік-батысындағы "Абан" және "Пайдар-е Ғарб" кеніштері Иран мен Ирактың ортақ мұнай кеніштері болып табылады.

Бижан Намдар Зангане сәрсенбі күні Иранның Ұлттық мұнай компаниясы, Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясы және Иранның "Дана Энерджи" жеке компаниясы арасында келісімге қол қою рәсімінде: "Ресейлік компаниямен келісімге қол қойған соң "Абан" және "Пайдар-е Ғарб" кеніштерінен мұнай өндіру көлемі жылына қазіргі 37 млн баррельден 105 млн баррельге жетеді",-деді. 

Сәрсенбі күні Теһранда Иранның Ұлттық мұнай компаниясы және Ресейдің "Зарубежнефть" компаниясы мен Иранның "Дана Энерджи" жеке компаниясынан тұратын консорциум арасында "Абан" және "Пайдар-е Ғарб" кеніштерін дамыту келісіміне қол қойылды.

Бұл келісімнің орындалу мерзімі – 10 жыл. Ол бойынша 10 жыл бойы күніне 48 мың баррель мұнай өндіру көзделіп отыр.

 

Тегтер