Теһранда Иран мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері кездесті
Сәу 08, 2018 17:21 Asia/Almaty
Иран мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері сенбі күні Теһранда кездесіп, сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса Монсеррат кездесуде екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде сұхбаттасып, пікір алмасты.
Экономика саласындағы екіжақты қарым-қатынасқа шолу жасау, АҚШ-тың тәуелсіз елдерге қарсы санкциялары мен олардың ішкі істеріне араласуын талқылау, мұнай нарығы, Латын Америкасы мен Таяу Шығыс мәселелерін қарастыру Иран мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері арасындағы сұхбаттың өзекті тақырыптары болды.
Тегтер