Хазірет Әлиакбардың туған күнінің жылдығы құтты болсын!
Бүгін сенбі х.қ.ж.с.б 1439 жыл шағбан айының он бірі, сәйкесінше 2018 жыл сәуірдің жиырма сегізі – шиіттердің үшінші имамы Хусейннің (ғ.с) перзенті хазірет Әлиакбардың (ғ.с) туған күнінің жылдығы.
Хазірет Әлиакбар (ғ.с) х.қ.ж.с.б 33 жылы шағбанның он бірі күні Мәдине қаласында дүниеге келген. Оның әкесі имам Хусейн (ғ.с) әлем шиіттерінің үшінші имамы, ал анасының есімі Лейли бинт Аби Мурра болған.
Имам Хусейн (ғ.с) оны жаратылысы, ахлақтық және рухани қасиеттері, сөз сөйлеу мәнері мен әлеуметтік мінез-құлқы тұрғысынан ұлық пайғамбарға (с.ғ.с) қатты ұқсаған.
Хазірет Әлиакбар (ғ.с) х.қ.ж.с.б 61 жылы мұхаррам айының оны күні Ашура оқиғасы кезінде өзінің ұлы әкесі және оның адал серіктерімен бірге шәһид болып, имам Хусейннің (ғ.с) жанында Кербалада жерленген.
ИИР-ның күнтізбесінде хазірет Әлиакбардың туған күні Жастар күні деп аталған.
Иран Телерадио бірлестігі әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Әлиакбардың (ғ.с) туған күнінің жылдығымен құттықтайды.