Ғасеми: АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы әлемдік өзгерістерден бейхабар
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37304-Ғасеми_АҚШ_тың_Мемлекеттік_хатшысы_әлемдік_өзгерістерден_бейхабар
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзіне білдірген реакциясында: "ИИР-ның уран байыту құқығына ие екені дәлелденген. Бұл сала үшін қажет білім жергіліктендірілген",-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 27, 2018 10:39 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы әлемдік өзгерістерден бейхабар

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзіне білдірген реакциясында: "ИИР-ның уран байыту құқығына ие екені дәлелденген. Бұл сала үшін қажет білім жергіліктендірілген",-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми осы сөздерге жауап беріп: "АҚШ Мемлекеттік хатшысы сыртқы саясат пен Иранның уран байыту тақырыбына кешеуілдеп және жеткілікті зерттеусіз кіріп отыр. Помпео әлемдегі жағдай мен өзгерістерден бейхабар",-деді.

Ғасеми АҚШ Мемлекеттік хатшысының өзіне дейінгі жеңіліс тапқан басшылардың сөздерін қайталап жатқанын айтып: "Оған осы тақырыпты қайтадан нақтылап оқып, зерттеуге кеңес береміз",-деді.  

Осыдан бұрын Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөздеріне реакциясында: "Помпеоның сөзінен ақылдың нышаны байқалмайды. Бұл АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси санасының пісіп-жетілмегенін көрсетеді",-деген болатын.