Маусым 08, 2018 22:22 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісінің Дүниежүзілік Құдс күнінің маңыздылығы туралы көзқарасын сараптау

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен дүйсенбі күні имам Хомейнидің кесенесінде алдағы Дүниежүзілік Құдс күніне сілтеме жасап, шеруге қатысып, Палестинаның мұджахед әрі мазлұм халқын қорғауды шын мәнінде жақсы болашақ құру жолындағы маңызды қадам деп атап:

"Палестина мен сионистік режиммен қарсыласушы күштерге қолдау көрсетіп, аймақ елдерінің егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау ислам республикасы үшін абырой саналады. Дұшпан оны "Иранның аймақтағы араласушылық әрекеттері" деген атаумен қиындық тудыратын мәселеге айналдыруға талпыныс жасауда",- деді. Хазірет аятолла Хаменеи халықтың сахнадағы құзырын маңызды деп бағалап: "Илаһи рақымшылық пен халықтың жаппай қатысуының арқасында биылғы Құдс күні өткен жылдармен салыстырғанда қуаттырақ әрі ауқымдырақ өткізілетін болады",- деді.

Палестина жерлерінде туындаған мәселелерге байланысты биылғы Дүниежүзілік Құдс күнінің маңыздылығы түрлі аспектілер бойынша екі есе артып, қазіргі жағдай Палестина мәселесіне қатысты өте маңызды тарихи кезеңдердің біріне айналды. Сионистік режимнің соңғы 70 жылдың ішінде Палестина халқын қатыгездікпен жаппай қырып, оларды босқынға айналдыруы, басқыншылық және арабтармен ымыраға келуінің саясында сионистердің қылмыстарымен қоса, өз елшілігін басып алынған Құдсқа көшірумен шарықтау шегіне жеткен АҚШ-тың осы режимге қолдау көрсету саясаты мен Газа секторындағы Палестина халқын жаппай қырып-жою Дүниежүзілік Құдс күнінің маңыздылығын бұрынғыдан бетер арттыра түсті. Мұсылман қауымының дүниежүзілік Құдс күнгі рәсімдерге жаппай қатысуы Палестинаның мазлұм, қаналған әрі басқыншылыққа ұшыраған халқы мен олардың заңды күрестерін қолдауда тағдыр шешуші мүмкіндік тудырып, әлемдіктерге Палестина арманының әлемдік деңгейде екенін және оны бейбіт сипаттағы заңды күрес шеңберінде сақтап қалудың Палестина халқының заңды құқығы екенін көрсетеді.

Палестина жерлеріндегі қазіргі кезде орнаған жағдайға байланысты Палестина халқының рухын күшейтіп, оларға әлемдік деңгейде қолдау көрсету қарсыласудың ішкі құралдарының бірімен, соның ішінде "Оралу құқығы" атты бейбіт шерулермен бірге палестиналықтардың заңды құқығын бекітуді қолдаудағы әлемдік қозғалыс екенін көрсететін күш беруші элемент саналады. Осы мәселеге қатысты палестиналық белсенді әрі Палестинаны азат ету жөніндегі халықтық майдан саяси кеңсесінің мүшесі Каид әл-Ғул Дүниежүзілік Құдс күнінің "Оралу құқығы" шеруінің жалғасуына шабыттандыратынын қуаттап: "Өткен он аптаның ішінде өткізілген бұл шерулер кезінде орын алған оқиғалар, әсіресе қарсыласу жолын нығайту мен сионист басқыншылардың нәсілшілдігін әшкерелеу аса маңызды болып табылады",- деді.

Құдс күнгі шаралар ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің осы күнді дұрыс әрі көрегендікпен белгілеп, бүгінде оның басқыншыларға қарсы Палестина халқына саяси қолдау көрсетудегі тиімді әлеуетке айналғанын дәлелдеді. Ислам әлеміндегі саяси мәселелер жөніндегі сарапшы әрі сириялық зерттеуші Хисам Шуайб Дүниежүзілік Құдс күнінің маңыздылығы туралы былай дейді: "ИИР-ның іргетасын қалаушы Палестина мәселесіне исламдық қарсыласу өзегі ретінде оған басты назарды аудартып, осы мәселенің ислам әлемінде  тағы көтерілуіне себепкер болды".

Дүниежүзілік Құдс күнінің жас көшеті ислам революциясы жетекшісінің бағдарымен мықты ағашқа, әлемдік үстемшілдер мен бала өлтіргіш сионист басқыншылардың қанауына қарсы мұсылмандар бірлігінің символына айналды. Бүгінде Палестинадағы өзгерістерге енжар қарайтын адам кемде кем. Палестина арманы мен мәселесіне қатысты осындай маңыздылық Дүниежүзілік Құдс күнінің саяси әсерінің белгісі саналады. Осы аяда, ораза ұстаушы Иран халқы мен басқа да мұсылман елдерінің халықтары бүгін жұма күні Дүниежүзілік Құдс күнгі шерулерге жаппай қатысу арқылы сионист басқыншылар мен олардың демеушілеріне Палестинаны ұмытпағандары мен Палестинаның мазлұм халқымен бірге олардың құқықтарын талап етуін қолдайтындықтарын көрсетті.

 

 

 

 

Тегтер