Велаяти: Американың елшілігін көшіруі – крестшілер мен сионистер альянсының айшықты символы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37642-Велаяти_Американың_елшілігін_көшіруі_крестшілер_мен_сионистер_альянсының_айшықты_символы
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Америка елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруді крестшілер мен сионистер альянсының айшықты символы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 09, 2018 17:16 Asia/Almaty
  • Велаяти: Американың елшілігін көшіруі – крестшілер мен сионистер альянсының айшықты символы

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Америка елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруді крестшілер мен сионистер альянсының айшықты символы деп атады.

Меһр агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти жұма күні әлемдік Құдс күнгі шерулер аясында тілшілерге берген сұхбатта: «Сионистер мен крестшілердің ізбасарлары исламмен қарсыласып, мұсылмандардың алғашқы қыбыласын басып алу үшін біріккен» деді.

Велаяти Құдс күнін исламның ұлылығының күні деп атап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың Әлемдік құдс күні сионистердің мұсылмандардың алғашқы қыбыласын жаулап алу әрекеттеріне наразылық белгісі ретінде шерулер өткізетінін баса айтты.