Лариджани: Иран АҚШ-тың дұшпандығына қарсы тұрады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани «АҚШ Иран халқының Ислам революциясы жетекшісінің басшылығымен АҚШ пен сионистердің дұшпандығына қарсы тұрып, өз жолын жалғастыратындығына сенімді болсын",- деді.
Әли Лариджани жексенбі күні Иран Мәжілісінің ашық отырысының басында АҚШ Президентінің Иранға қарсы жуырдағы сөздеріне тоқталып: "Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды күшейту туралы айтуымен тұспа-тұс мәселелерді шешу үшін Иранмен жаңа келіссөз жүргізу туралы уәж айтуда",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы саясат әлемінің немқұрайдылық танытатын емес, керісінше ақылға сай тиімді келісімдер мен келіссөздер мекені екенін қуаттап: "Трамп міндеттемелеріне қарамастан, ядролық келісімнен оңай шығып кеткен жағдайда енді оның уәждеріне кім сенеді деп ойлайды",- деді.
АҚШ Президенті бейсенбі күні Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған санкция салатыны туралы қоқан-лоққы жасай тұра Иранмен келісімге келетіндігіне үміт білдірді.