Харази: АҚШ – келіссөз жүргізетін мемлекет емес
ИИР-ның халықаралық байланыстар стратегиялық кеңесінің төрағасы АҚШ-пен қандай болса да келіссөз жүргізу мүмкіндігін теріске шығарып: "Иранның АҚШ-пен жасаған келіссөздер тәжірибесі Вашингтонның жүргізген келіссөздері мен қол қойған құжаттарына табандылық танытпайтынын көрсетті",- деді.
Камал Харази дүйсенбі күні Әлемдік бейбітшілік қауымдастығының жетінші отырысы аясында ИРНА-ға берген сұхбатында: "ИИР осы уақытқа дейін АҚШ-пен Ауғанстан мен ядролық мәселеге қатысты келіссөздер жүргізді. Вашингтон екі жайтта да уәделеріне табанды болмады. Аймақ мәселелерін шешу үшін АҚШ-тың араласуы мен келіссөзі қажет емес. Аймақтың негізгі ойыншылары бір-бірімен келіссөз жүргізіп, өз мәселелерін өздері шешуі керек",- деді.