Зариф: АҚШ қару-жарақ экспорты арқылы әлемде тұрақсыздық орнатуда
Иран СІМ Twitter әлеуметті желісіндегі жеке парақшасында АҚШ-тың әлемде тұрақсыздық орнатк мақсатында қыруар қаражат жұмсап жатқанына сілтеме жасады.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter әлеуметті желісіндегі жеке парақшасында: "АҚШ қару-жарақ экспорттау арқылы әлемде тұрақсыздық тудырып, жақсырақ ертеңі үшін жұмсауға болатын қаражатты босқа шығындап жатыр",- деп жазды.
Зариф АҚШ қару-жарақтарының тіпті өз азаматтарының қаупісіздігін қамтамасыз ете алмағанын айтып: "АҚШ-тың бүкіл әлемдегі әскери бюджеттің 35 пайыздық үлесі 15 саудиялық азаматтың 11 қыркүйекте ұйымдастырған оқиғасы кезінде бейкүнә адамдардың қаза болып, 9000-нан астам америкалықтың жаралануының алдын ала алмады",- деді.
2001 жылы қыркүйектің он бірі күні АҚШ-та орын алған лаңкестік шабуылды ұйымдастырған 19 адамның 15-і әл-Каидаға мүше саудиялық азаматтар болған.