Рухани: Халықаралық әділет сотының шешімі – Иран үшін жеңіс
Қаз 04, 2018 16:58 Asia/Almaty
ИИР Президенті халықаралық әділет сотының шешімін Иран үшін үлкен жеңіс деп атады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке саяси белсенділердің бір тобымен кездесуінде: "Халықаралық әділет сотының шешімі – үлкен саяси-құқықтық жетістік. АҚШ үкіметі оны орындаудан жалтаруы мүмкін.
АҚШ-та ИИР-ға өшпенділігі зор жаулардың бір тобы билік басына келді. Бұл елдің жаңа үкіметі ИИР-ды тізе бүктіреміз деп қиялдап, осы жолда бар күштерін салып жатыр",-деді.