АҚШ мұсылмандарының жетекшісі: Вашингтонның билігі құлдырап барады
АҚШ-тағы "Ислам үмбеті" қозғалысының жетекшісі Луис Фаррахан: "АҚШ-та ешқашан демократия болған емес. Бұл елде үнемі қоғамның ауқатты және күшті тобына ғана көңіл бөлінеді",- деді.
Луис Фаррахан жексенбі Теһран университетінің Құқық және саяси ғылымдар факультетінде "1358 жылғы 13 абаннан 1397 жылғы 13 абанға дейін" атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелде жасаған баяндамасында АҚШ-тың Дональд Трамп басшылығы салдарынан бүкіл әлемдегі билігінен айрылып жатқанын айтты.
АҚШ-тағы "Ислам үмбеті" қозғалысының жетекшісі ИИР-дағы әйелдердің бостандығына сілтеме жасап, АҚШ пен Еуропада керісінше, әйелдердің ерлердің көңіл көтеретін ойыншығына айналып, теріс мақсаттар үшін пайдаланылып жатқанына қынжылыс танытты.
Ол сөзін сабақтап: "АҚШ пен Израиль режимі бәрінен бұрын ИИР-нан қатты қорқады. Себебі, егер соғыс басталып, олар Иранға шабуыл жасайтын болса, Иран олардың алдында мойынсұнбайды",- деді.