Зариф: Адамзатқа қарсы қылмыстары үшін АҚШ айыпталуы керек
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39820-Зариф_Адамзатқа_қарсы_қылмыстары_үшін_АҚШ_айыпталуы_керек
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы қайта санкция салуына реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «АҚШ адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыпталуы керек»,- деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 09, 2018 16:23 Asia/Almaty
  • Зариф: Адамзатқа қарсы қылмыстары үшін АҚШ айыпталуы керек

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы қайта санкция салуына реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «АҚШ адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыпталуы керек»,- деп жазды.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні таңертеңгі жолдауында: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран халқының азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуына қажет банктік қызметтерден айрылуына жеткізетін Вашингтонның заңсыз санкцияларының салдарларына Иран үкіметін жауапты деп атады. АҚШ-тың заңсыз әрекеттеріне қарамастан Иран үкіметі халықты қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді. Бірақ, АҚШ бұл қылмыстары үшін жауапқа тартылуы керек»,- деді.

Иранның мұнай, банктік қызмет  және сауда айналымына қатысты АҚШ-тың санкцияларының екінші кезеңі қарашаның бесінен бастап іске асырылды. Санкциялар тікелей Иран халқын нысанаға алып отыр.