Зариф: Иран өз дамуын жалғастырады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39843-Зариф_Иран_өз_дамуын_жалғастырады
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөзіне реакциясында Теһранның даму жолын жалғастыратынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 11, 2018 11:24 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран өз дамуын жалғастырады

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөзіне реакциясында Теһранның даму жолын жалғастыратынын қуаттады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео қорлаушы сөзінде: «Егер Иран өз халқының тамақ ішуін қаласа, АҚШ-тың сөзін тыңдауы керек»,-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз елі қалайтын қиялды Иранға таңуға талпыныс жасап, Иран халқын ашық түрде аштықпен қорқытуда. Бұл – адамзатқа қарсы қылмыс»,-деп жазды.

Зариф  АҚШ Мемлекеттік хатшысының өзіне дейінгілер сияқты Вашингтонның талпыныстарына қарамастан Иранның өз ғұмырын жалғастырып қана қоймай, егемендігін жоғалтпай, өз дамуын жалғастыратынын айтты.