Иран АҚШ халқына жанашырлық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39913-Иран_АҚШ_халқына_жанашырлық_білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Калифорния штатында өрт шығып, соның салдарынан осы уақытқа дейін ондаған адам қаза тауып, орасан зор материалдық шығын келгеніне өкініш білдіріп, осы елдің халқы мен қиындыққа ұшыраған жанұяларға жанашырлық білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2018 14:20 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ халқына жанашырлық білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Калифорния штатында өрт шығып, соның салдарынан осы уақытқа дейін ондаған адам қаза тауып, орасан зор материалдық шығын келгеніне өкініш білдіріп, осы елдің халқы мен қиындыққа ұшыраған жанұяларға жанашырлық білдірді.

АҚШ-тың Калифорния штатында өткен жұмадан басталған өрт салдарынан осы күнге дейін 50 адам қаза тауып, 228 адам із-түссіз жоғалған.

Сондай-ақ, Калифорния штатында өрт салдарынан 8800-ден астам тұрғын және сауда үйі мен 125 мың га орман алқабы жойылды.