Иран АҚШ халқына жанашырлық білдірді
Қар 15, 2018 14:20 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Калифорния штатында өрт шығып, соның салдарынан осы уақытқа дейін ондаған адам қаза тауып, орасан зор материалдық шығын келгеніне өкініш білдіріп, осы елдің халқы мен қиындыққа ұшыраған жанұяларға жанашырлық білдірді.
АҚШ-тың Калифорния штатында өткен жұмадан басталған өрт салдарынан осы күнге дейін 50 адам қаза тауып, 228 адам із-түссіз жоғалған.
Сондай-ақ, Калифорния штатында өрт салдарынан 8800-ден астам тұрғын және сауда үйі мен 125 мың га орман алқабы жойылды.
Тегтер