АҚШ-тың үздіксіз жеңілістері – Иран халқы қарсыласуының жемісі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40046-АҚШ_тың_үздіксіз_жеңілістері_Иран_халқы_қарсыласуының_жемісі
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың аймақтағы үздіксіз жеңілістерін Иран халқының 40 жылдық қарсыласуының жемісі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 22, 2018 17:57 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың үздіксіз жеңілістері – Иран халқы қарсыласуының жемісі

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың аймақтағы үздіксіз жеңілістерін Иран халқының 40 жылдық қарсыласуының жемісі деп атады.

Генерал Джафари Исфаһан облысының Фелаверджан қаласында сөйлеген сөзінде бүгін дұшпандардың Иран халқының табандылығы мен жеңілмейтінін, АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығысқа қатысты стратегиясының жеңіліске ұшырағанын мойындап отырғанын айтты.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың ИИР жүйесіне қарсы қолданған барлық әрекеттерінде сәтсіздікке ұшырағанын, исламдық Иранның америкалықтардың қатыгездігі мен зұлымдығына қарсы тұрып, америкалықтардың Иран экономикасына қысым келтіруден үміттерін үзіп, Иран халқының ашуынан үрейленіп отырғанын мәлімдеді.

Генерал Джафари АҚШ-тың әлемдегі қуаты мен айбынының құлдырап бара жатқанына тоқталып, Иран халқының сегіз жылдық таңылған соғыс кезіндегі қарсыласу рухын бүгін Ирак, Йемен мен Сирия халықтары үшін нағыз үлгіге айналғанын баса айтты.