Иран Наурыздан бері 135 тонна шафран экспорттады
Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрінің орынбасары өткен 7 айда Иран 135 тонна құрғақ шафран экспорттағанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джавад Мирараб бейсенбі күні Иранның орталық бөлігінде орналасқан Хомейн елді мекеніндегі Шафран фестивалінде: «Өткен 7 айда экспортталған шафран 178 млн доллар валюта әкелді. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда көлем (салмақ) тұрғысынан 48 пайызға, құны тұрғысынан 27 пайызға артық»,-деді.
Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрінің орынбасары: «Иранда шафран егуге арналған жер 108 мың га ауданды құрайды. Бұл жерден жылына 400 тонна құрғақ шафран алынады деп болжанады»,-деді.
Әлемде қызыл алтын өндіретін бірінші ел саналатын ИИР дүние жүзі бойынша шафранның 94 пайызын өндіреді.