Зариф америкалықтардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін өз мүддесіне пайдалануын сынады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40234-Зариф_америкалықтардың_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесін_өз_мүддесіне_пайдалануын_сынады
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салынбағанын қуаттап, америкалықтардың «Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды» деген сөзін сынады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 05, 2018 12:28 Asia/Almaty
  • Зариф америкалықтардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін өз мүддесіне пайдалануын сынады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салынбағанын қуаттап, америкалықтардың «Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды» деген сөзін сынады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін өз мүддесіне пайдалануы бұл елдің міндеттемелеріне тұрақсыздығын жасыра алмайды. Америкалық басшылар  Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарының Иранның стратегиялық күшінің алдын ала алмайтынын, сондықтан бұл қарарды әлсіретудің орнына баршаның оны ұстануы қажеттігін мойындайды»,- деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хуктың мәтінін Твиттердегі өз парақшасында жариялады.  Брайан Хук биыл қыркүйек айының жиырмасында: «Қауіпсіздік кеңесінің №223-ші қарарында Ираннан ядролық оқтұмсық тасымалдайтын баллистикалық зымыран шығармау талап етілді»,- деп мәлімдеген  болатын.