Зариф америкалықтардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін өз мүддесіне пайдалануын сынады
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салынбағанын қуаттап, америкалықтардың «Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды» деген сөзін сынады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін өз мүддесіне пайдалануы бұл елдің міндеттемелеріне тұрақсыздығын жасыра алмайды. Америкалық басшылар Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарының Иранның стратегиялық күшінің алдын ала алмайтынын, сондықтан бұл қарарды әлсіретудің орнына баршаның оны ұстануы қажеттігін мойындайды»,- деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хуктың мәтінін Твиттердегі өз парақшасында жариялады. Брайан Хук биыл қыркүйек айының жиырмасында: «Қауіпсіздік кеңесінің №223-ші қарарында Ираннан ядролық оқтұмсық тасымалдайтын баллистикалық зымыран шығармау талап етілді»,- деп мәлімдеген болатын.