Иран үкіметі өндірістік кәсіпорындарын АҚШ-тың әділетсіз санкцияларынан қорғайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40430-Иран_үкіметі_өндірістік_кәсіпорындарын_АҚШ_тың_әділетсіз_санкцияларынан_қорғайды
ИИР Вице-президенті АҚШ-тың басты мақсатын Иран экономикасының маңызды да ықпалды бөлімдеріне санкция салу деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 17, 2018 19:35 Asia/Almaty
  • Иран үкіметі өндірістік кәсіпорындарын АҚШ-тың әділетсіз санкцияларынан қорғайды

ИИР Вице-президенті АҚШ-тың басты мақсатын Иран экономикасының маңызды да ықпалды бөлімдеріне санкция салу деп атады.

Исхақ Джахангири дүйсенбі күні "Қарсыласу экономикасын" басқару штабындағы отырыста АҚШ-тың санкциясына ұшыраған Иранның ең маңызды өнеркәсіп саласын көлік жасау, ал қазіргі жағдайда Иран үкіметінің маңызды басымдықтарының бірін өндірістік кәсіпорындарын АҚШ-тың әділетсіз санкцияларынан қорғау деп атады.

ИИР Вице-президенті АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының елде жұмыссыздықты арттыру және халыққа қажет тауарларды өндіруге кедергі жасау арқылы наразылық тудыру мақсатында салынып отырғанын айтты.