Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Таяу Шығыс пен Батыс Азияның Иран халқының қарсыласуымен АҚШ-тың армандарын жойғанын айтты.
Теһран жұма намазының құтпагері ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Мұхаммад Джавад Хадж Али Акбари америкалық әскерилердің Сирия жерінен шығарылуы мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына түн жамылып келіп кеткеніне сілтеме жасап: "АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы құзыры бұл елге бақытсыздық пен қасірет әкелді",- деді.
Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Хадж Али Акбари сионистік режимнің Иран халқының қарсыласуымен ауыр күндерді бастан өткеріп жатқанын баяндап: "Ливан Хезболласы, Ирактың "Хашд аш-Шааби" қозғалысы, Йеменнің "Ансаролла" қозғалысы, Бахрейннің халықтық революциясы мен Нигериядағы исламдық қозғалыс АҚШ-пен қарсыласу тізбегінің қатарын құрайды",- деді.
Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Иран халқының қанаушы режимге қарсы көтерілісі жеңісінің 40-шы жылдығы қарсаңында ислам революциясын хазірет имам Хомейнидің жетекшілігімен жүзеге асқан бір халықтың қайта дүниеге келуі деп атады.