Иранға ешбір ел шабуыл жасай алмайды
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани ИИР-ның қорғаныс қабілетін баса айтып: "Иранның мықтылығы соншалықты, ешбір ел шабуыл жасай алмайды", деді.
Әли Шамхани дүйсенбі күні «Таяу Шығыстағы қорғаныс пен қауіпсіздік» атты халықаралық форум аясында тілшілерге берген сұхбатта Иранның аймақтан шығаратындай басқа елдерде орналастырған ешқандай күшінің жоқ екендігін айтып: «Ирак, Сирия, Ауғанстан мен Йемен халықтары елдерін өздері қорғады. Иран күштері әскери кеңесші ретінде тек кеңес берумен айналысты»,‑деді.
Шамхани АҚШ‑тың Иранмен келіссөздері туралы: «Америкалықтар сенімсіз екенін дәлелдеді. Келіссөздер тарихы да мұны растады»,‑деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы ИИР‑ның АҚШ‑ты үмітсіздендіретін саясат қабылдағанын айтып: «АҚШ қазіргі қатынасымен басқа елмен келіссөз жүргізе алмайды»,‑деді.
Шамхани Иранның Талибан тобы және Ауғанстан үкіметімен келіссөздері туралы сөзінде Иранның Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін ел үкіметіне көмектесуді мақсат етіп отырғанын айтты.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы, сондай‑ақ, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына тоқталып: «Еуропалықтарға Иран алдындағы ядролық келісімге қатысты міндеттемелерін орындау үшін, әсіресе SPV арнайы қаржы механизмін орындауға берілген мұрсат аяқталды»,‑деді.
«Таяу Шығыстағы қорғаныс пен қауіпсіздік» атты халықаралық форум дүйсенбі күні Теһранда Еуропа мен Азияның саясат, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы тұлғалары мен сарапшылардың қатысуымен басталды.