Ваези: АҚШ-тың Ираннан үркіту саясатына ешкім жақтаспайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40831-Ваези_АҚШ_тың_Ираннан_үркіту_саясатына_ешкім_жақтаспайды
ИИР Президенті аппаратының басшысы Ваези АҚШ-тың неғұрлым көбірек қару-жарақ сатып, сионистік режимнің аймақ елдерінің істеріне үстемдігін қамтамасыз ету мақсаттарын көздеген Ираннан үркіту саясатына ешкім жақтаспайтынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 13, 2019 09:09 Asia/Almaty
  • Ваези: АҚШ-тың Ираннан үркіту саясатына ешкім жақтаспайды

ИИР Президенті аппаратының басшысы Ваези АҚШ-тың неғұрлым көбірек қару-жарақ сатып, сионистік режимнің аймақ елдерінің істеріне үстемдігін қамтамасыз ету мақсаттарын көздеген Ираннан үркіту саясатына ешкім жақтаспайтынын мәлімдеді.

Махмуд Ваези IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Еуропаның кейбір елдерін Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптағаны үшін сынап: «Еуропа Иранның Ирак пен Сирияда «даиштік» лаңкестікпен күрескенін ұмытпауы керек. Еуропа лаңкестерді паналатып, өткен 40 жылдың ішінде әртүрлі қолдау көрсету арқылы бұл топтардың Иранда лаңкестік әрекеттер жасауына жағдай тудырды»,-деп қуаттады.  

Ол SPV деп аталатын Иран мен Еуропа арасындағы қаржы механизмі туралы: «Бұл мәселе бойынша шектен тыс ойланудың қажеті жоқ. Иран Еуропадан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдау мен АҚШ санкцияларына қарсылықты іс жүзінде көрсетіп, келісім аясындағы міндеттемелерін атқаруды күтеді»,-деді.