Иран – үлкен көлемде есірткі заттарын анықтаған әлемдегі ірі мемлекет
Иран Тәртіп сақтау күштерінің Есірткі заттарымен күрес полициясының басшысы Иранды есірткі заттарымен күресте әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі екенін айтты.
Есірткі заттарымен күрес полициясының басшысы генерал Мұхаммад Масуд Заһедиан шетел мемлекеттерінің өкілдері Теһранда «Есірткі заттарымен күрес» полициясының көрмесіне келгенде сөйлеген сөзінде Иранның анықтаған есірткі заттарының көлеміне байланысты әлемдегі ірі есірткі анықтаушы ел деп танылғанын айтты.
«Есірткі заттарымен күрес» полициясының басшысы сондай-ақ, Ауғанстанда есірткі өндірісі көлемінің артқанына тоқталып: "2001 жылы Ауғанстандағы есірткі өндірісінің көлемі 185 тонна болса, көрсеткіш қазір 10 000 тоннадан асқан. Бұл үстемшіл мақсаттарды жүзеге асырудың салдары",- деді.
Генерал Заһедиан сөзінің келесі бір бөлігінде Иранның құрлық шекараларында заңсыз есірткі саудагерлері мен контрабанда жүйелерінің қозғалысы мұқият бақыланатындықтан бүгінде есірткі заттары контрабандасының бір бөлігі теңіз арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді.