Жапония да Ираннан мұнай экспортын бастады
Иранның Орталық банкінің бас директоры Абдолнасер Хеммати ҚХР, Оңтүстік Корея, Үндістан және Түркиядан кейін Жапонияның да Ираннан мұнай экспортын бастағанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдолнасер Хеммати жексенбі күні Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "ИИР Орталық банкінің белсенді қорының ондаған миллиард долларымен бірге Иран саудасының мықты да сенімді тірегі шетелдік банктердің жанында мұнайдан түсетін жаңа кіріс біртіндеп сауда айналымына енеді» деп жазды.
АҚШ үкіметі "Ортақ қадамнан" шыққанан кейін Иранның мұнай экспортының көлемін нөлдік деңгейге жеткізетінін баса айтқан болатын.
Алайда Вашингтон алты ай бойы Иран мұнайына қатысты қоқан-лоққы жасап, ақырында 2018 жылы қарашаның бесі, дүйсенбі күні Иран мұнайының көтерме сатып алушылары саналатын сегіз мемлекетті – Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Үндістан, ҚХР, Түркия, Тайвань мен Грекияны мұнай санкциясынан босатты