Ғасеми: АҚШ-тың Венесуэланың ішкі істеріне араласуы – әшкере заңсыздық
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның Венесуэланың ішкі істеріне кез келген шетелдік араласушылыққа немесе төңкеріске және халыққа қарсы әрекеттерді ұйымдастыруға талпыныс жасау секілді кез келген заңсыз шараға қарсы тұрып, Венесуэла халқы мен үкіметіне қолдау көрсететінін баса айтты.
Баһрам Ғасеми Венесуэладағы кез келген саяси қайшылық пен қиындықтың бұл мемлекеттің халқы және үкіметі тарапынан заңды және бейбіт түрде тез арада шешілетініне үміт білдірді.
Венесуэлада өткен бірнеше айдан бері ел үкіметінің оппозициясы тынышсыздық қалыптастырып, наразылық әрекеттерін ұйымдастырып отыр.
АҚШ та осы елге санкция жариялап, Венесуэла үкіметінің оппозициясына қолдау көрсету арқылы АҚШ-қа қарсы көзқарас ұстанатын елдің заңды үкіметін құлатуға талпыныс жасауда.
Венесуэла Ұлттық конгресінің бұрынғы төрағасы Хуан Гуайдо АҚШ-тың қолдауымен өз-өзін президент жариялағаннан кейін Венесуэланың Қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес кеше, сәрсенбі күні елдің әскери күштерінің Хуан Гуайдоны қолдамайтынын мәлімдеді.
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың араласушылық әрекетіне реакция білдіріп, АҚШ-пен қарым-қатынасын үзетінін, америкалық дипломаттардың Венесуэла территориясынан кетуіне 72 сағат уақыты бар екенін мәлімдеді.