Иранда 66 мың адам амнистияға жатқызылды
Нау 01, 2019 13:06 Asia/Almaty
Иранның түрмелер және тәрбиелеу шаралары ұйымының басшысы соңғы статистикалық мәліметке сәйкес қамаудағы 66 мың адамның Ислам революциясы жетекшісінің кешірімін алғанын, олардың 64 мыңы ер адам, шамамен 2 мыңы әйел адам екенін хабарлады.
Иранның түрмелер және тәрбиелеу шаралары ұйымының басшысы Асқар Жаһангир бейсенбі күні: "Иранда қамауда жатқан 800-ден астам шетел азаматы Ислам революциясы жетекшісінің кешірімін алды. Олар түрмеден шыққан соң бірден өз елдерінің өкілдеріне тапсырылады",-деді.
Тегтер