Нау 05, 2019 14:33 Asia/Almaty
  • Иран био дәрі-дәрмек шығаратын технологияға қол жеткізді

Иран Президентінің Ғылым мен технология департаментінің биотехнологияны дамыту штабының хатшысы ирандық жастардың био дәрі-дәрмек шығаратын технологияға қол жеткізгенін хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұстафа Қанеи: «Әлемде тек бірнеше мемлекет қана био дәрі-дәрмек шығарды. Иран енді солардың қатарына қосылды. Иранда шығарылатын дәрілер сапа тұрғысынан шетелдік нұсқалармен бірдей.  Иран мен басқа елдерде шығарылатын дәрілердің емдік әсері бойынша да айырмашылығы жоқ»,- деді. Қанеи Иранның дәрі-дәрмек саласында да санкциямен бетпе-бет келіп отырғанына тоқталып: «Санкция салынған жағдайда елді құтқаратын жалғыз жол – ирандық жастар, мамандар мен жоғары оқу орындарының әлеуетін пайдалану»,- деді.

 

 

 

 

 

Тегтер