АҚШ-тың әлемдегі құдыреті құлдырап барады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41442-АҚШ_тың_әлемдегі_құдыреті_құлдырап_барады
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда «Қасиетті қорғаныстың ауызша тарихы» деген тақырыпта өткен ұлттық форумда АҚШ-тың құдіретінің құлдырап бара жатқанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 06, 2019 07:52 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың әлемдегі құдыреті құлдырап барады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда «Қасиетті қорғаныстың ауызша тарихы» деген тақырыпта өткен ұлттық форумда АҚШ-тың құдіретінің құлдырап бара жатқанын айтты.

Шамхани бұл шындықты қуаттап: "АҚШ, Батыс елдері мен аймақтағы кертартпа елдер исламдық қарсыласудың тамырын жою үшін лаңкестер мен жалдамалыларды пайдаланғанымен, қарсыласу қозғалысының жауынгерлері, Сирия армиясы, Ирактың Хашд әш-Шааби күштері, Йеменнің Ансаролла қозғалысы мен қасиетті мекендерді қорғаушылар Батыстың әлемнің өзегі еместігін, АҚШ-тың құдіретін білдіретін қағаз мүсінді оп-оңай құлатуға болатынын көрсетті",- деді.

Қарсыласу ағымның күшінен аймақтағы ДАИШ лаңкестік тобы сәтсіздікке ұшыраған жағдайда АҚШ негізгі тақырып – аймақтағы АҚШ пен Израиль саясаттарының нәтижеге жетпегенін жасыруға талпынып жатыр. Сионистік режим өткен ондаған жылдардағы аймақтағы бүлік пен соғыстардың орталығы ретінде Ливан Хизболласы мен Палестинаның қарсыласу топтарына қарсы төрт соғысында сәтсіздікке ұшырады. Бұл режимнің Ливан мен Газада қарсыласу ағымынан сан рет жеңілуі Израиль мен оның негізгі демеушісі АҚШ үкіметінің қаншалықты әлсіз екенін көрсетті.

Шамхани жетістіктердің нәтижесін бағалап: "Бүгінде басып алынған жерлерде қауіпсіздік орнату үшін орасан зор қаражат жұмсалып жатқанына қарамастан, АҚШ пен аймақтағы кертартпа елдердің Израиль шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиясы тығырыққа тірелді. Құдсты басып алған режим өз шекарасында, тіпті шекара ішінде де қауіп-қатерді көбірек сезінеді»,-деді.

АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясы мен аймақтағы басқа кейбір заңсыз режимдер ДАИШ лаңкестерін қолдап, Ирак пен Сирияның жағдайын жіктелудің шегіне жеткізгенімен, нәтижеге жетпеді. Бұл сәтсіздіктің себебі аймақтағы қарсыласу ағымының күштілігінде. Бұл жеңістер Израиль режимінің сәтсіздікке ұшырауының аңыз емес, шындық екенін, аймақтағы АҚШ құдыретінің құлдырағанын дәлелдеді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи елінің Шығыс Әзірбайжан облысы халқының мыңдаған өкілімен кездесуінде АҚШ басқарған үстемшілдер майданының әлсіздігін баса айтып: "АҚШ-тың әлемдегі құдыретінің құлдырағаны туралы көптеген дәлел бар. Қазіргі АҚШ қырық жыл бұрынғы АҚШ-тан анағұрлым әлсіз.

АҚШ-тың ақылы аз басшылары өздеріне тәуелді әлсіз үкіметтерді Варшава отырысына жинап, Иранға қарсы шешім қабылдауға шақырды. Бірақ, отырыс нәтижеге жетпеді. Мұның барлығы – әлсіздіктің белгісі",- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда «Қасиетті қорғаныстың ауызша тарихы» деген тақырыпта өткен ұлттық форумда АҚШ-тың әлемдегі құдыретінің құлдырап бара жатқанын шындық деп атады.