Адам құқығы туралы уәж айтатындар саудиялық басқыншылардың қылмыстарына ортақ
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41493-Адам_құқығы_туралы_уәж_айтатындар_саудиялық_басқыншылардың_қылмыстарына_ортақ
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми адам құқығы туралы уәж айтатындардың Йемендегі әйелдер мен балалардың күнделікті қырылып жатқанына үнсіздік танытуымен бірге басқыншыларға қару-жарақ сату арқылы олардың қылмыстарына ортақ екенін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 11, 2019 11:25 Asia/Almaty
  •  Адам құқығы туралы уәж айтатындар саудиялық басқыншылардың қылмыстарына ортақ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми адам құқығы туралы уәж айтатындардың Йемендегі әйелдер мен балалардың күнделікті қырылып жатқанына үнсіздік танытуымен бірге басқыншыларға қару-жарақ сату арқылы олардың қылмыстарына ортақ екенін қуаттады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми йемендік 20 әйел мен баланың қаза болуына себеп болған саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Хадже облысындағы Таланға жасаған шабуылын қатаң айыптады. Ғасеми адам құқығына қатысты ұйымдар мен саяси орталардың Йемендегі адамзатқа қарсы қылмыстарға үнсіздік танытуына өкініш білдіріп: «Жылдар бойы аштыққа төзіп, кейбір Батыс үкіметтерінің шапқыншыларға сатқан қаруларының құрбаны болып отырған Йеменнің жазықсыз әйелдері мен балалары өздерінің өлімімен адам құқығы туралы өтірік жар салатындардың абыройдан кенделігі мен арсыздығын көрсететін тарихи құжатқа қол қойып отыр»,- деді.