АҚШ үкіметі – адам құқығын ауқымды түрде бұзатын ең ірі ел
(last modified Fri, 15 Mar 2019 12:56:09 GMT )
Нау 15, 2019 18:56 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі – адам құқығын ауқымды түрде бұзатын ең ірі ел

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми: "АҚШ үкіметі – Иран халқының адам құқығын ауқымды түрде бұзып отырған ең ірі ел. Ол біржақты заңсыз санкциялар таңу арқылы Иран азаматтарының құқықтарын бұзуда ешбір шарадан аянып қалмады",-деді.

Баһрам Ғасеми бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің басқа елдердегі адам құқығының жағдайы туралы жылдық есебіне реакциясында: "АҚШ-тың өзі елінің іші мен сыртында адам құқығын бұзуға қатысты ауыр істерге ие жағдайда және әрдайым қоғамдық пікір, халықтық ұйымдар мен адам құқығы белсенділері, БҰҰ мен оның арнайы баяндамашылары тарапынан, тіпті АҚШ-тың ішінде қатты сынға ұшырап отырған жағдайда басқа елдерді адам құқығын бұзды деп айыптап, жылдық есеп жариялап отыр.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебінде Ирандағы адам құқығы жағдайына қатысты ұсынылған мәліметтер елдегі кейбір адам құқығы оқиғаларын саяси, қасақана және қате түсініп, талдаудан туындап отыр. Адам құқығына қатысты қара даққа толы тарихқа ие АҚШ-тың өзі мұндай мәселені талдауға мүлдем лайықсыз",-деді.

 

Тегтер