АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымы – соғыс қылмысы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41535-АҚШ_тың_Иранға_қарсы_экономикалық_қысымы_соғыс_қылмысы
Иранның Кооператив, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі: "АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымдары соғыс қылмысынан да жаман. Ешкім олардың адамзатқа қарсы қылмыстарының салдарын кешіре алмайды",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 15, 2019 16:09 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымы – соғыс қылмысы

Иранның Кооператив, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі: "АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымдары соғыс қылмысынан да жаман. Ешкім олардың адамзатқа қарсы қылмыстарының салдарын кешіре алмайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Шариятмадари бейсенбі күні Луристан облысында өткен бір іс-шарада АҚШ-тың Ислам революциясын қырық жылға жеткізбей, тоқтату туралы арманының еш болғанын айтып: "АҚШ-тың қысымдары қазір Иран халқын нысанаға алып отыр, алайда бұл қысымдар мен қоқан-лоққылар нәтиже бермейді",-деді.

Шариятмадари, сондай-ақ, Ислам революциясының жеңісіне қырық жыл толғанына тоқталып: "Иранға қойылған шектеулер мен жасалған қоқан-лоққы көптеген салаларда, соның ішінде экономикада мұрсатқа айналды",-деді.