АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымы – соғыс қылмысы
Иранның Кооператив, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі: "АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымдары соғыс қылмысынан да жаман. Ешкім олардың адамзатқа қарсы қылмыстарының салдарын кешіре алмайды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Шариятмадари бейсенбі күні Луристан облысында өткен бір іс-шарада АҚШ-тың Ислам революциясын қырық жылға жеткізбей, тоқтату туралы арманының еш болғанын айтып: "АҚШ-тың қысымдары қазір Иран халқын нысанаға алып отыр, алайда бұл қысымдар мен қоқан-лоққылар нәтиже бермейді",-деді.
Шариятмадари, сондай-ақ, Ислам революциясының жеңісіне қырық жыл толғанына тоқталып: "Иранға қойылған шектеулер мен жасалған қоқан-лоққы көптеген салаларда, соның ішінде экономикада мұрсатқа айналды",-деді.