Boeing 737 Max-8 ұшақтарына Иран көгінде ұшуға тыйым салынды
Нау 15, 2019 16:15 Asia/Almaty
Иранның Авиация ұйымының ақпарат хатшысы Реза Джафарзаде: "Көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ-та Boeing 737 Max-8 ұшақтарының ұшуына тыйым салынғаннан кейін бұл ұшақ түрінің Иран көгінде ұшуына да тыйым салынды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, 2019 жылы 10 наурызда Эфиопияда Boeing 737 Max-8 ұшағы құлап, 157 адам қаза тапқаннан кейін әлемнің көптеген елдері ұшақтың бұл түрінің өз елдері көгінде ұшуына тыйым салды.
Тегтер